Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін жариялады.
Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталып, 30 наурызда Ораза айт мерекесі өтеді.
Хижри күнтізбе бойынша айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының есептеулері негізінде анықталды. Пәтуа мамандары айдың көрінуіне байланысты діни мерекелердің нақты даталары бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертеді.