logo
search
menu

Алғашқы ойында есе жібердік: Қазақстан құрамасы Даниямен кездеседі

Қазақстан футзал құрамасы EURO-2026 іріктеуінде Даниямен кездесіп, топтағы көшбасшылығын сақтауға тырысады.

3 ақпан, 2025
Алғашқы ойында есе жібердік: Қазақстан құрамасы Даниямен кездеседі
Фото: kff.kz

Мазмұны

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2026 іріктеу турнирі аясында Даниямен екі кездесу өткізеді. Бұл туралы Taulik.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Алғашқы ойын1ақпан күні Данияның Сённерборг қаласында өтеді. Ал қарымта ойын 5 ақпанда Астана қаласына жоспарланған. Осыған дейін құрамамыз қонақта Албанияны 0:2 есебімен жеңіп, өз алаңымызда Армения құрамасымен 4:4 есебінде тең тарқасқан болатын. Осылайша, екі ойында төрт ұпай жинаған командамыз өз тобында көш бастап келеді

    Еске сала кетейік, футзалдан Еуропа чемпионаты 2026 жылдың 18 қаңтары – 8 ақпаны аралығында Рига (Латвия) және Каунас (Литва) қалаларында өтеді

     

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы