Құраманы 44 жасар қазақстандық маман Әли Ханәлиұлы Әлиев жаттықтыратын болды. Дегенмен ол әзірге бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы ретінде қызмет етпек. Бұған дейін Петропавлдық «Қызылжар» футбол клубында бапкер болған отандық маман енді құраманы наурыз айында өтетін 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі ойындарына дайындайды. Бас бапкерге Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов көмектесетін болады
Еске сала кетейік, осыған дейін Станислав Черчесов құрамамызды баптаған болатын. Алайда, нәтиже көрсете алмаған бапкер 27 қаңтар күні қызметінен босатылды