АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты кезекті мәлімдеме жасап, әлемдік БАҚ назарын өзіне аударды. RT агенттігінің хабарлауынша, Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің «шаршағанын» атап өтті және Украинадағы соғысты тек өзінің араласуымен ғана тоқтатуға болады деп есептейді.
«Ол аса жақсы көрінбейді, бірақ жақсы көрінгісі келеді. Ол бұл соғыстан шаршаған. Мен де осы жағдайды реттеуге талпыныстан шаршадым», — деді Трамп.
Оның айтуынша, бұл қақтығыс бастапқыда ұзаққа созылмауы керек еді. Тіпті, Ресей әскері танктерімен батпаққа батып қалмағанда, «Киевке дейін жететін еді» деген пікір білдірді.