logo
search
menu
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
Фото: Орталық коммуникация қызметі

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

Қазақстанның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаров агенттік брифингінде хабарлады.

Сот үкіміне сәйкес, Бекетаевтың мүлкі тәркіленеді. Іс жабық режимде қаралған.

«Экс-министрге қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі көлемдегі қаржы жымқыру және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактілері бойынша тергелді. Тергеу құпия жүргізілгендіктен, қылмыстың нақты мән-жайлары жария етілмейді», — деді Бегайдаров.

Антикор өкілінің мәліметінше, мемлекетке келген шығын 1 миллиард теңгеден асқан.

Марат Бекетаев 2023 жылдың қазан айында Қазақстаннан қашуға әрекет жасаған кезінде ұсталған. Ол Әділет министрлігін 2016 жылдан 2022 жылға дейін басқарды. 2022 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін Премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.

2025 жылдың наурыз айында Бекетаевқа қатысты іс материалдарына "құпия" грифі берілген болатын.