logo
search
menu
Қыдырып жүріп, 62 жастағы кемпірін жол бойында ұмытып кеткен
Фото: ашық дереккөз

Қыдырып жүріп, 62 жастағы кемпірін жол бойында ұмытып кеткен

Мароккода отбасымен бірге саяхаттап жүрген Париж тұрғыны абайсызда 62 жастағы әйелін жол бойында ұмытып кеткен. Бұл туралы жергілікті жандармерияға таңғы 08:30 шамасында түскен шұғыл қоңырау арқылы белгілі болды.

Оқиға түнгі сапар кезінде болған. Отбасы көлікпен жүріп келе жатқан, ал олардың 22 жастағы қызы артқы орында ұйықтап отырған. Кезекті аялдаудан кейін ер адам әйелінің жоқ екенін байқамай, жолын жалғастыра берген. Қызы да анасының көлікте жоқтығын аңғармаған.

Кейін ғана әйелін ұмытып кеткенін түсінген ер адам жергілікті құқық қорғау органдарына хабарласады. Бірақ ол отбасы сапар барысында бірнеше рет тоқтағандықтан, әйелін нақты қай жерде қалдырып кеткенін есіне түсіре алмаған.

Жандармерия әйелді ұялы телефонының сигналы арқылы тауып, оның Дё-Севр департаментінде екенін анықтаған. Бұл орын күйеуі жандармерияға хабарласқан нүктеден шамамен 300 шақырым қашықтықта орналасқан.

Әйел дін аман табылып, құқық қорғау органдары ер адамға кері бұрылып, жұбайын алып кетуді тапсырды.