logo
search
menu
2032 жылы астероид жерге емес, айға құлауы мүмкін: қауіп қандай?
Коллаж: taulik.kz

2032 жылы астероид жерге емес, айға құлауы мүмкін: қауіп қандай?

Астрономдар 2032 жылдың соңында Аймен соқтығысуы мүмкін астероид туралы ескерту жасады. 024 YR4 деп аталатын ғарыш нысаны Жерге тікелей қауіп төндірмейді, бірақ Айдағы болашақ инфрақұрылым мен навигациялық жүйелерге қатер келтіруі ықтимал. Бұл туралы CNN арнасы хабарлады.

Астероид алғаш рет 2024 жылдың соңында анықталған. Бастапқыда ғалымдар оның Жерге соғылу ықтималдығы бар екенін жоққа шығармады. 2024 жылдың ақпан айында соқтығысу мүмкіндігі 3,1% деңгейіне жетіп, оны тарихтағы ең қауіпті астероидтардың біріне айналдырды.

Алайда кейінгі айларда жүргізілген бақылаулар Жерге төнетін қауіптің жоқ екенін растады. NASA деректеріне сүйенсек, маусым айындағы соңғы телескопиялық өлшеулер астероидтың бағытын дәлірек анықтауға мүмкіндік берді. Ғалымдар енді оның Айға соғылу қаупі жоғары екенін айтып отыр.

«Біз Жер үшін алаңдамаймыз. Бірақ Айда жүргізіліп жатқан жобалар мен болашақ миссиялар үшін бұл үлкен мәселе», — дейді Батыс университетінің профессоры Пол Вигерт.

Соқтығыс салдарынан Ай бетінде қуатты жарылыс орын алуы,

Луналық шаң мен тозаң кеңістікке таралуы,

Айда жұмыс істеп жатқан астронавтар мен құрылғыларға зақым келуі,

Жер орбитасында айналып жүрген серіктерге қауіп төнуі мүмкін.

Ғалымдардың болжамынша, соқтығыс кезінде бірнеше секунд бойы көзге көрінетін жарқырау пайда болуы ықтимал. Бұл оқиға адамзат тарихындағы алғашқы бақылаулы астероид-соқтығысы ретінде тіркелуі мүмкін.

Қазіргі уақытта зерттеушілер астероид YR4 Аймен нақты қай күні соқтығысуы мүмкін екенін анықтауға кірісті. Сонымен қатар, мұндай апатты жағдайдың алдын алу немесе залалын азайту жолдары да қарастырылып жатыр.