АҚШ ғалымдары кез келген ракты жойып жіберетін вакцина ойлап тапты
АҚШ-тағы Зерттеушілер адам иммунитетін қатерлі ісік жасушаларын өздігінен танып, жоюға қабілетті ететін жаңа препарат жасап шығарды. Бұл вакцина персоналды түрде бейімдеуді қажет етпейді және ми, тері, сүйек ісіктеріне қарсы тиімді. Ең бастысы — химиотерапиясыз және операциясыз жұмыс істейді.
Ғалымдардың айтуынша, вакцина тышқандарда тіпті ең төзімді ісіктерді де толықтай жойып, басқа қосымша емдеусіз оң нәтиже көрсеткен.
Бұл жаңалықты мамандар нағыз ғылыми серпіліс деп бағалап отыр.