logo
search
menu
Грыжа деп айтқан, бірақ рак болып шықты: дәрігерлердің салғырттығы ма?
Фото: Коллаж ©️ Tengrinews.kz

Грыжа деп айтқан, бірақ рак болып шықты: дәрігерлердің салғырттығы ма?

Астана тұрғыны Сауле Еслембаева Tengrinews.kz редакциясына жүгініп, дәрігерлердің салғырттығынан онкологиялық ауруы асқынып кеткенін мәлімдеді. Қазір ол ауыр жағдайда паллиативті көмек алып жатыр және бұл күйге жеткізген — медициналық қателіктер мен немқұрайлық, дейді ол.

"Алғашқы диагноз – қыстырылып қалған шап жарығы деп қойылды. Маған антибиотиктер салып, жылы ұстауды ұсынды. Ал шын мәнінде қатерлі ісік болып шықты. Ісіктің ыдырауына дейін жетіп, ашық жараға айналды. Қазір жағдайым өте ауыр", – дейді Сауле.

Жалоба – дәрігерлер қысым жасады

Сауле Еслембаева алғашқыда Астанадағы бір поликлиника мен онкоорталық дәрігерлеріне шағымданып, Денсаулық сақтау министрлігіне ресми түрде өтініш жолдаған. Алайда осыдан кейін поликлиника қызметкерлері оған шағымын қайтарып алуды сұрап, "бастарымыз кетеді" деп қысым көрсеткен.

Әйелдің сөзінше, онкоорталықта дұрыс ем-дом жасалмаған. Оның айтуынша, мекемеде "жоғары өлім-жітім, жемқорлық өршіген және дәрігерлер емдеу барысында бірқатар өрескел қателікке жол берген".

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты бола тұра, бізді өз ақшамызға емдеді. Мен Алладан басқа ешкімнен қорықпаймын! Адамдар дәрігерлердің қателігінен көз жұмбасын деп, соңғы күнімде де сұхбат беруге дайынмын", – делінген оның үндеуінде.