logo
search
menu
Павлодар облысында 5 жасар баланы темір қақпа құлап, басып қалған
Фото: коллаж Taulik.kz

Павлодар облысында 5 жасар баланы темір қақпа құлап, басып қалған

31 шілде күні Павлодар облысына қарасты Жертұмсық ауылында орын алған оқыс оқиғада 5 жасар бала жарақат алды. Оқиға кезінде балалар өздігінен жасалған футбол алаңында ойнап жүрген. Ойын барысында темір қақпа аударылып, баланы басып қалған.

Полиция департаментінің мәліметінше, алаң мен қақпа жергілікті тұрғындардың бастамасымен жасалған және ешбір мемлекеттік органның балансында тіркелмеген.

Оқиға себептерін жою және балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңын салу жөнінде аудан әкіміне ресми нұсқама жіберілді. Сонымен қатар, баланың заңды өкілдері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды, себебі кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде немқұрайлық танытқан.

Облыстық балалар ауруханасының дерегінше, балаға жабық бас-ми жарақаты және ми шайқалу диагнозықойылған. Қазір ол травматология бөліміне жатқызылған, жағдайы — қанағаттанарлық.