Кремль Путин мен Трамптың кездесуін 15 тамызда Аляскада өтетінін растады
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путин мен Дональд Трамптың 15 тамызда Аляскада кездесетінін растады. Кездесуде тараптар Ресей-Украина қақтығысын реттеу жолдарын талқылайды.
Бұған дейін Трамп кездесу мерзімі мен орнын жариялап, АҚШ-тың Ресей мен Украинаға аумақ алмасу нұсқасын ұсынғанын айтқан еді. Оның айтуынша, бейбіт келісімге алдағы айларда қол қою мүмкіндігі бар.