logo
search
menu
Тәуке хан қазақ даласына жат дін әкелмек болған 500 монахтың басын алған
Фото: коллаж Taulik.kz

Тәуке хан қазақ даласына жат дін әкелмек болған 500 монахтың басын алған

Тәуке ханның кезінде буддизммен күрес қатты жүрген. Тіпті қазақ даласына келіп, оның насихаттау ниеттері де болған. Бұл туралы Qalam Youtube жобасына арнайы сұхбат берген тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлы айтып берді.

Оның айтуынша, Тәуке ханның ұлы Сұлтанды Ғалдан Бөшікті хан Тибетке алдырып, он жыл бойы оның миына буддизм дінін сіңірумен болған.

«Он жыл оны буддизм мектебінде оқытып, Далай ламада, содан алып келгенде 500 ламаны Тәуке ханның ордасына алып келеді», — дейді тарихшы.

Ал хан ордасы дәл Есіл бойында болған.

«Олар баланың миына буддизмді сіңіріп, будда қылып алып келеді. Тақырбас қылып, мойнына маржан салып, сары мантасын кигізіп, қазақ даласына алып келеді», — дейді тарихшы Зәкенұлы.

Оқиға 1697 жылдары болған. Тәуке ханның ұлымен бірге келген 500 лама, яғни монтахтар жай ғана діндарлар болмаған. Олар іштеріне қанжар жасырып келген. Ал осының бәрін көрген Тәуке хан бәрінің басын сол жерде алдырған екен.

Тарихшы осы сәтті суреттеп келіп, Тәуке ханды солтүстіктегі Ресейден де, көрші Ойраттан да, Ежен ханнан да, Қоқаннан да қорықпағанын айтады. Тіпті олардың елішлерін айлап, жылдап ұстап отыратын еді дейді.