«Осы бағытта атқарылып жатқан маңызды жұмыстардың бірі – мұғалімдерді түрлі шараларда қосымша күш ретінде пайдалануды тоқтату. Осы уақытқа дейін барлық іс-шаралар, және бұл туралы Елбасының өзі де бір емес, бірнеше рет айтқан, міндетті түрде ұстаздарымыздың қатысуымен өткен еді. Менің ойымша, біз мұндай қажетсіз әрекеттерді іс жүзінде тоқтаттық. Мұғалімдерді негізгі міндеттерінен тыс қызметтерден босату шаралары қабылданып жатыр. Біз пәтерден пәтерді жаяу жүріп аралап, есік қағып, балалардың санын жазу сияқты керексіз жұмыстар туралы ұмытып та кеттік. Мемлекет басшысының қолдауымен мұғалімдер әдеттен тыс есептер мен қызметтерден, артық жүктемелерден босатылды», – деді министр.Сонымен қатар ведомство басшысы бұдан былай мұғалімдер министрліктің бұйрығына сәйкес күнделікті екі құжатты ғана толтыруы керек екендігін айтып өтті.