logo
search
menu
Иран NOTAM жариялады: бұл нені білдіреді?
фото: ашық дереккөз

Иран NOTAM жариялады: бұл нені білдіреді?

Иран билігі азаматтық әуе кемелері үшін елдің әуе кеңістігін жабу туралы ресми хабарлама — NOTAM жариялады. Бұл шешім өңірдегі қауіпсіздік жағдайының күрт ушығуымен байланысты қабылданған.

Сонымен қатар Ислам революциясы сақшылар корпусы құрамындағы Әуе-ғарыш күштері мен Иранның әуе қорғаныс жүйесі жоғары дайындық режиміне көшірілгені хабарланды.

Осы жағдай аясында Ұлыбритания Тегерандағы елшілігін уақытша жауып, барлық дипломатиялық қызметкерлерін елден эвакуациялады. Ал АҚШ Катардағы Аль-Удейд әуе базасында орналасқан персонал санын қысқартып жатыр.

Аль-Удейд базасы — АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ең ірі әскери нысандарының бірі. Мұнда тұрақты түрде шамамен 10 мыңға жуық әскери қызметкер мен азаматтық маман орналасқан.

Бұған дейін Иран билігі АҚШ тарапынан шабуыл жасалған жағдайда, аймақтағы америкалық әскери базаларға қарымта соққы беретінін ашық мәлімдеген еді.

Қазіргі ахуал Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың жаңа, әлдеқайда қауіпті кезеңге өтуі мүмкін екенін аңғартады. Дипломатиялық миссиялардың жабылуы мен әуе кеңістігінің тоқтатылуы — аймақта ірі әскери қақтығыс қаупі айтарлықтай артқанын көрсететін белгілердің бірі.