Назарбаев университетінің студенті қыздардың оқу орнында зорлыққа ұшырайтынын айтты (видео)

Назарбаев университетінің студенті қыздардың оқу орнында зорлыққа ұшырайтынын айтты (видео)

ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде Назарбаев университетінде оқитын Адина есімді студенттің үндеуі пайда болды. Қыздың сөзінше, университет қабырғасында қыздар зорлыққа ұшырайды. Алайда олар бұл туралы ешкімге айта алмайды, деп жазады Taulik.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Студент видеосын TikTok желісінде жариялаған. Оның айтуынша, университетте құрбысын зорлаған ер адам екінші құрбысын да жыныстық қатынасқа түсуге көндірмек болыпты.

«Зорлаған адамды университетте көпшілігі таниды. Тіпті, бір клубтың президенті де болған. Ал екінші құрбыма тағы бір адам алымсақтық жасаған. Мен екі қызбен жасырын түрде жұмыс істедім. Ол екеуін бір адам зорлаған, ал үшіншісі оның құрбаны бола жаздады», – деді ол.
Қыздың сөзінше, қыздарды зорлау дерегіне ешкімнің сенгісі келмейді. Себебі зорлық көрсеткендер өз ортасында танымал әрі момын болып көрінеді.
«Зорланған қыздардың бірі ешкімге айтпастан университеттен кетіп қалды. Өйткені ештеңе айта алмады, айтса барлығы өзін кінәлайтын еді, достары араласпай кетеді. Солай болды да. Өзін зорлаған адамның кесірінен оқудан кетті, университетте ешкіммен араласпайды. Өзге қыздар мұны психологиялық тұрғыдан көтере алмады. Бәлкім оқып жүрген шығар, бәлкім кетіп қалған шығар», – деді студент.
Студент мұндай жағдай өзінің де басынан өткенін айтып өтті.
«Маған және 16 жастағы қызға зертханада жұмыс істейтін стафф азғындық жасамақ болды. Профессор да, өзге қызметкер де мұндай әрекетке бара алады», – дейді ол.
Видеоға қатысты пікір білдірген полиция департаменті тексеріс жүретінін мәлімдеді. Қазір іс Нұр-Сұлтандағы Есіл ауданының полиция басқармасында тіркелген, қызметкерлер тексеріс жүргізіп жатыр. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Loading...