logo
search
menu
2000 шенеунік жұмысынан айрылып қалды: Президент маңызды құжатқа қол қойды
freepik.com

2000 шенеунік жұмысынан айрылып қалды: Президент маңызды құжатқа қол қойды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, бірқатар басқарушылық лауазымдар жасанды интеллект жүйелерімен алмастырылады. Соның нәтижесінде шамамен 2000 мемлекеттік қызметкердің қызметі қысқартылмақ.

Қысқарту Салық комитеті, Ауыл шаруашылығы, Әділет және Экология министрліктері секілді негізгі мемлекеттік органдарды қамтиды. Бұдан бөлек, әртүрлі агенттіктер мен инспекцияларда 16 басшы орынбасарының лауазымы жойылады.

Билік өкілдері бұл қадам реформаларды жеделдету және мемлекеттік басқаруға заманауи технологияларды кеңінен енгізу қажеттілігімен байланысты екенін атап өтті.

Ал жұмыстан босатылатын қызметкерлерге Еңбек министрлігі жаңа жұмыс табуға жәрдемдесіп, қайта даярлау және оқыту бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.