logo
search
menu
Палатаны күніне 2-3 рет тазалатады: болашақ дәрігерлерді қорлап жүрміз бе?
Фото: Видеодан алынған скрин

Палатаны күніне 2-3 рет тазалатады: болашақ дәрігерлерді қорлап жүрміз бе?

Алматыдағы №1 Қалқаман ауруханасында интерн-қыздардың палата тазалап жүрген видеосы Threads желісінде қызу талқы тудырды. Видеоны түсірген Амангелдиева есімді қолданушының айтуынша, практикадан өтіп жүрген жас мамандарға медициналық міндеттен бөлек, «бір бөлменің шаңын күніне 2–3 рет сүрту» сияқты шаруалар жүктелген. Оның сөзінше, медқызметкер интерндерге «шаңды дұрыс сүрту керек» деп ескерту жасаған.

Автор мұны жас мамандарға жасалатын қысымның бір көрінісі ретінде бағалап, «жас интерндерді қорлауды тоқтатыңдар» деп үн қатты. Ол дәрігерлердің тәжірибелік білімінің әлсіздігіне кейін қоғам болып ренжитінімізді айтып, мәселенің түбі интерндерді кәсіби дағдыға емес, қызмет көрсету жұмыстарына салатын аурухана ішіндегі жүйеде жатқанын меңзейді.

Ауруханада түсірілген видео. Threads әлеуметтік желісінен алынған видео скрині. 

Жазба иесі «Qzdardv кінәлі емес, кінә – аурухананың персоналында және жүйеде» деп нақтылап, бұл тақырыптың Денсаулық сақтау министрлігіне дейін жетуін талап етті. Сонымен қатар ол өзіне көрсетілген медициналық көмектің жақсы болғанын айтып, медперсоналға жеке шағымы жоқ екенін, тек практикадан өтушілерге қатысты тәртіп өзгерсе дейтінін жеткізген.