logo
search
menu
Атыраудағы ерлер түрмесінен өрт шықты, зардап шеккендер бар
Фото: Gemini ЖИ арқылы жасалды.

Атыраудағы ерлер түрмесінен өрт шықты, зардап шеккендер бар

Атырау қаласындағы төтенше қауіпсіздік мекемесінде, яғни ерлер колониясында өрт шығып, соның салдарынан бір сотталушы зардап шекті. Оқиға мекеме аумағында орналасқан шаруашылық құрылыстарының бірінде орын алған. Тілсіз жау туралы хабар түскен бойда оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің мамандары келіп жетіп, жалынды толығымен ауыздықтады.

Өрттен дене жарақатын алған сотталушыға мекемедегі медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, кейін ол жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, басқа сотталушылар арасында зардап шеккендер жоқ және мекемедегі жалпы ахуал тұрақты, жағдай толық бақылауға алынған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығынды анықтау мақсатында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.