logo
search
menu
Әлемді дүрліктіріп жатқан нипах вирусы туралы не белгілі?
Фото: ашық дереккөзден алынды

Әлемді дүрліктіріп жатқан нипах вирусы туралы не белгілі?

Үндістан билігі елдің шығысындағы Батыс Бенгалия штатында тіркелген қауіпті Нипах (Nipah) вирусының өршуін оқшаулауға мүмкіндік туғанын хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, желтоқсан айынан бері аурудың екі расталған жағдайы анықталған.

Індет таралған аймақта мамандар вирус жұқтырғандармен байланыста болған 200-ге жуық адамды анықтады. Карантинге жатқызылған бұл тұлғалардан алынған тестілеу нәтижелері теріс шыққан, бұл жағдайдың бақылауда екенін көрсетеді. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректеріне сүйенсек, бұл вирус өте қауіпті. Нипах вирусынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 40%-дан 75%-ға дейін жетеді, бұл оны коронавирустан әлдеқайда жойқын етеді.

Аурудың белгілері мен жұғу жолдары Бүгінгі таңда бұл вирусқа қарсы ешқандай вакцина жоқ. Дерттің негізгі сипаттамалары мен қауіптері мынадай:

Жұғу жолдары: Вирус жануарлардан адамға, ластанған тағам өнімдері арқылы немесе адамнан адамға жұғады.

Симптомдары: Ауру пневмонияға және сананың шатасуына әкеп соғуы мүмкін.

Ең қиын жағдайларда науқастардың миы қабынып (энцефалит), өлім қаупі артады. Сонымен қатар, кейбір адамдарда ауру ешқандай белгісіз өтуі де ықтимал.

Қазақстан сақтық шараларын қолға алды Қазіргі уақытта Нипах вирусын жұқтыру жағдайлары тек Үндістан аумағында ғана тіркелген, өзге елдерде кездескен жоқ. Соған қарамастан, Азияның бірқатар мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Индонезия және Таиланд шекара бекеттерінде медициналық бақылауды күшейтіп, сақтық шараларын арттырды.

Мамандар вирус таралған аймақтарға баратын жолаушыларды сақ болуға және гигиена ережелерін қатаң сақтауға шақырады.