Дәрігерлердің еңбек құқығы талқыланды: Шымкент пен Сарыағашта маңызды семинар өтті
2026 жылғы 2 наурызда Шымкент қаласында және 3 күні Сарыағаш қаласында медицина қызметкерлерге арналған семинарлар өтті, оларды денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің «DENSAULYQ» жергілікті кәсіподақ ұйымы және салалық «QazMed» кәсіподағы бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шараға медициналық сала өкілдері жиналып, олардың еңбек құқықтары, денсаулық сақтау саласындағы экономикалық өзгерістер және әлеуметтік-медициналық кепілдіктер мәселелері талқыланды. Семинарлар сала қызметкерлерінің кәсіби қызметіне әсер ететін өзекті мәселелерді зерттеуге арналған алаң болды.

Іс-шара спикері ретінде Забирова Эльмира Айдарқызы сөз сөйледі – медицина саласында 16 жылдық тәжірибесі бар денсаулық сақтау экономисі. Эльмира Айдарқызы Қазақстан Республикасы мемлекеттік аудиторы (Жоғары есеп палатасының ұлттық біліктілігі), Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының басқарма мүшесі, Dariger Education білім беру орталығының жетекшісі және т.б. қызметтерді атқарады.
Қатысушылар еңбек ақы төлеудің құқықтық және нормативтік негіздерін егжей-тегжейлі қарастырды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек кодексін, Бюджет және Салық кодекстерін, «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Заңды, сондай-ақ жұмыс уақытын, ең төменгі жалақыны және негізгі ақылы демалысты реттейтін нормаларды талқылады.

«QazMed» кәсіподағының менеджері Эрсалды Оразалинова 2026–2028 жылдарға арналған Салалық келісімді қабылдау барысында кәсіподақтың атқарған жұмысын, басқа салалық кәсіподақтармен бірлескен жұмысын және «QazMed» ұсынған ұсыныстардың Келісімге енгізілгенін баяндады. Сондай-ақ әлеуметтік серіктестікті дамыту, жастармен жұмыс, еңбек қатынастарын жетілдіру, еңбек ақы төлеу қағидаттары, әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау, даулар мен ереуілдерді алдын алу және заңнаманың сақталуын бақылау сияқты негізгі жаңалықтар түсіндірілді.
Семинарлар қатысушыларға тек нормативтік-құқықтық базамен танысуға ғана емес, сонымен қатар еңбек құқықтарын қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.
