Қаңтар
Жылдың алғашқы айында туылғандар айтқанынан қайтпайтын, батыл болады. Сезімдері туралы айтқанды ұнатпайды. Айналасына сыни көзқараспен қарайды. Өзімен интелектуалды дәрежесі бірдей, ақылды адамдармен байланыс орнатқанды дұрыс көреді.Ақпан
Романтиканы жақсы көреді. Олармен тілдесетін адамға төзім қажет болады. Көңіл-күйлері тым құбылмалы. Оларды түсіну оңай емес. Сатқындықты кешірмейді.Наурыз
Бұл айда дүниеге келгендер өздеріне өте сенімді. Еңбексүйгіш, адал жандар. Олармен бірге өмір сүру – бір ғанибет.Сәуір
Көпшіл болғандықтан, кез келген адаммен тез тіл табысып кетеді. Қызғаншақтығы да бар. Сеніміне кірген жандарды қадірлей біледі, оған бар сырын ақтарыла айтады.Мамыр
Бұл кезде туылған жандарда тұрақтылық пен ұстамдылық бар. Сонымен қатар өте сұлу. Мінездері тым жұмсақ. Алайда еріншектігі болуы мүмкін.Маусым
Жаңа нәрселерге қызығып жүреді. Бір кемшілігі – алдымен сөйлеп, содан соң барып ойланады. Сырттан сөз тасымайды, шындықты бетке айтады.Шілде
Өте адал, сұлу, ақылды әрі өте жұмбақ жандар. Айқай-шуды, ұрыс-керісті ұнатпайды. Өтірікті мүлдем жақтырмайды. Бір рет алдаймын деп бұл айда туған жақыныңыздан, досыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.Тамыз
Бойында эгоистік қасиет те, жомарт жүрек те бар. Әзіл-қалжыңға жақын келеді. Үнемі жұрттың назарында болғанды ұнатады. Айналасындағыларды бірден баурап алатын қабілетке ие.Қыркүйек
Бұл кезеңде мейірімді, ерекше жандар дүниеге келеді. Өзіне сатқындық жасағандарды кешірмейді. Олар бір күндік уақытша қарым-қатынасты емес, ұзақ, тұрақты қатынасты бағалайды.Қазан
Ақылды, өте мықты мінез иелері. Көпшілік алдына шыққанды ұнатпайды. Кез келгенге ақтарылып, сырын аша бермейді. Әр істі ойланып, ақылға салып барып істейді. Жанындағыларға көп жағдайда оның қызғаншақтығы ұнамайды.Қараша
Өзгелерден үнемі бір қадам алда жүреді. Оны өздері байқамауы да мүмкін. Өйткені олар жасаған іс-әрекеттеріне мақтанып, бәріне көрсетуді көздемейді. Өтірікті бірден байқайды. Егер шындықты білгіңіз келсе, олардың пікірін тыңдаңыз.Желтоқсан
Желтоқсанда шыдамсыз, күйгелек адамдар дүниеге келеді. Кез келген тығырықтан шығар жолды оңай тауып кетеді. Олар өздері ғана сергек жүрмей, өзгелердің де көңіл-күйін көтеріп жүреді. Өмірінде көптеген кедергіге тап болуы мүмкін, бірақ соңында жеңіске қол жеткізеді.