logo
search
menu
Тоқаев мәлімдеме жасады: Конституция күнінің жаңа датасы белгілі болды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев мәлімдеме жасады: Конституция күнінің жаңа датасы белгілі болды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция күнінің жаңа датасын жариялады.

Мемлекет басшысы республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқан жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында ол референдум өткен күннің ел тарихындағы маңызын ерекше атап өтіп, жастарға алғыс білдірді.

Президенттің айтуынша, бұл күн Қазақстан тарихында маңызды орын алады.

"Бұл күн ел шежіресінде мәңгі сақталатыны сөзсіз. Енді 15 наурыз Қазақстанда Конституция күні ретінде аталып өтеді. Мен көптеген елдердің конституцияларын зерттедім. Нық сеніммен айта аламын, біздің Негізгі заңымыз ең озық құжаттардың қатарында", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қазақстанда 15 наурыз күні жаңа Конституцияға қатысты республикалық референдум өткен болатын.