logo
search
menu
"Президенттікке тағы үміткер боламын": Жигули Дайрабаев күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Facebook / Жигули Дайрабаев

"Президенттікке тағы үміткер боламын": Жигули Дайрабаев күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев президенттік сайлауға қайта қатысу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.

Ол бұл туралы "Adal ADAM" YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. Депутаттың сөзінше, қазіргі таңда қызметтен кету жоспары жоқ, алайда партияластарынан ұсыныс түссе, президенттікке үміткер болуға дайын.

"Мұны уақыт көрсетеді. Қазір қызметтен кетейін деп отырған жоқпын. Егер партияластарым ұсынса, президенттікке үміткер боламын", – деді ол.

Айта кетейік, 2022 жылғы президент сайлауында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы дәл осы Жигули Дайрабаевты үміткер ретінде ұсынған болатын.

Сол кезеңде сайлауалды науқан барысында бірқатар пікірталастар да болған. Атап айтқанда, Нұрлан Әуесбаев Дайрабаевтың партияға қатыстылығына күмән келтірсе, депутат оған жауап ретінде ашық дебатқа шақырған еді.

Сайлау қорытындысы бойынша Жигули Дайрабаев 3,42 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтан кейін екінші орын алған.