logo
search
menu
Катарда әскери тікұшақ құлады: борттағы адамдардың тағдыры белгісіз
shutterstock.com

Катарда әскери тікұшақ құлады: борттағы адамдардың тағдыры белгісіз

Катардың аумақтық суларында әскери тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды The Peninsula.

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, апат жоспарлы тапсырманы орындау кезінде техникалық ақау салдарынан болған.

Тікұшақ бортында жеті адам болған. Қазіргі уақытта олардың алтауының мәйіті табылып, қаза тапқаны расталды.

"Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бортта болған жеті адамның алтауы табылды. Олардың көз жұмғаны расталды. Бір адамның тағдыры әлі белгісіз, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", – деп мәлімдеді ІІМ.

Ведомство қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, құтқару операциясын толық аяқтау үшін барлық күш жұмсалып жатқанын атап өтті.