Бәрі өлдіге санаған 103 жастағы әже өзінің жаназасында тіріліп кетіп, той жасады (ФОТО)
Үндістанның Махараштра штатында 103 жастағы әйелдің "жерлеу рәсімінде тіріліп кетуі" жұртты таңғалдырды.
Hindustan Times басылымының мәліметінше, Гангабаи есімді кейуана қайтыс болды деп есептеліп, оған жерлеу рәсіміне дайындық жүргізілген. Үйінің алдына шатыр тігіліп, әйелге арнайы киім кигізілген. Қоштасуға туыстары мен жақындары жиналып, мәйітті алып кететін көлікті күтіп отырған.
Алайда күтпеген сәтте "марқұм" қозғалып, орнынан тұруға әрекет жасаған. Бұл жағдай жиналғандарды шошытып қана қоймай, таңғалдырған.
Ең қызығы, бұл оқиға дәл әйелдің туған күніне сәйкес келген.
Осыдан кейін қаралы жиын бірден мерекеге ұласып, туыстары Гангабаидың 103 жылдығын атап өткен.