logo
search
menu
Жер сағаты: 28 наурызда бүкіл әлем бойынша жарық сөнеді
depositphotos.com

Жер сағаты: 28 наурызда бүкіл әлем бойынша жарық сөнеді

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады — «Жер сағаты» акциясы өтеді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты»ихалықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді.

«Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің артқы жарығы сөнеді.

Айта кету керек, «Жер сағаты» акциясы – планетадағы ең жаппай экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады, акцияға 180 елден 7 000 қаланың тұрғындары қосылады. 2026 жылы «Жер Сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет, Қазақстанда 17 – ші рет өтеді.

Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын елдегі акциялар кезінде символдық объектілерді жарықтандыруды өшіреді.

Олардың ішінде:

  • «Байтерек» монументі
  • «Астана Опера»
  •  Әзірет Сұлтан мешіті
  • Тәуелсіздік Сарайы
  • «Астана Арена» стадионы
  • «Алау» мұз айданы
  • «Қазақстан» қонақ үйі
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б.

Науқанды қолдау мүмкіндігінше қарапайым: 28 наурызда сағат 20:30-да шамдар мен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіріңіз.