logo
search
menu
Қазақстан аумағына тағы да дрон құлағаны туралы ақпарат тарады: Жаңа мәліметтер шықты
ашық дереккөзден

Қазақстан аумағына тағы да дрон құлағаны туралы ақпарат тарады: Жаңа мәліметтер шықты

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Қазақстан аумағында тағы бір ұшқышсыз ұшу аппаратының құлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл жолы оқиға Атырау облысында болғаны айтылуда.

Таралған мәліметке сәйкес, 27 наурыз күні таңертең жергілікті тұрғын полицияға дронға ұқсас затты көргенін хабарлаған. Айтуынша, жанған нысан Атырау қаласынан шамамен жеті шақырым қашықтықта табылған.

Хабарламада оқиға орнынан қозғалтқыш пен композитті немесе көміртекті талшықтан жасалған болуы мүмкін зақымданған бөлшектер табылғаны да көрсетілген.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл фактіні растағанымен, табылған заттың нақты не екенін әзірге нақтылаған жоқ.

"Атырау облысы полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас бөлшектердің табылуына қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс жерде анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", – деп мәлімдеді ведомство.