Жетісу облысында бір күннің ішінде екі рет жер сілкінісі тіркелді
Жетісу облысында тәулік ішінде екінші рет жер сілкінісі тіркелді.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 11:11-де болған. Жерасты дүмпулерінің ошағы Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 52 шақырым жерде орналасқан. Зілзаланың магнитудасы 4,7 балды құрады.
Айта кетейік, осы өңірде 31 наурызға қараған түні де магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Қазақстан аумағында оның сезілгені туралы мәлімет түскен жоқ.