logo
search
menu
Қазақстандықтар тағы бір күн демалуы мүмкін
Фото пресс-службы Акорды

Қазақстандықтар тағы бір күн демалуы мүмкін

Қазақстанда қосымша демалыс күнін енгізу мәселесі қарастырылуы ықтимал. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді.

Брифинг кезінде журналистер Конституция күніне ұлттық мереке мәртебесін беру және бұрын Тәуелсіздік күніне қатысты болғандай, 16 желтоқсандағыдай екі күндік демалыс енгізу жоспары бар-жоғын сұрады.

Сұраққа жауап берген Виктория Шегай бұған дейін қабылданған өзгерістерден кейін 25 қазанның Қазақстанда ұлттық мереке ретінде белгіленгенін және ресми демалыс күні екенін еске салды.

«Конституция күніне қатысты айтсақ, жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін 25 қазан да мереке күні болып бекітілді. Сондықтан бұл – мерекелік әрі ресми демалыс күні», – деді вице-министр.

Одан кейін журналистер кейбір мерекелердегідей қосымша демалыс күнін енгізу мәселесі болашақта талқылануы мүмкін бе деген сауал қойды.

Виктория Шегайдың айтуынша, мұндай бастама қоғам тарапынан сұраныс болған жағдайда қарастырылуы мүмкін.

«Екі демалыс күніне қатысты мәселе қоғамның ерік-жігері мен сұранысына қарай қаралады деп ойлаймын. Қазір бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын», – деді ол.

Ал болашақта мұндай бастаманы қарастыру мүмкіндігі туралы нақтылай сұралғанда, вице-министр қысқа жауап берді.