logo
search
menu
“Егіз болған…” Ерке Есмахан жан сырын бөлісті
ашық дереккөзден

“Егіз болған…” Ерке Есмахан жан сырын бөлісті

Танымал әнші Ерке Есмахан ұлы Батырдың 1 жасқа толуына орай әлеуметтік желіде жүктілік кезеңінде бастан өткерген ерекше әрі күрделі сәттерімен бөлісті.

Өнер иесінің айтуынша, ол үлкен ұлы Исламнан кейін небәрі 10 ай өткен соң қайтадан аяғы ауыр екенін білген. Бұл жаңалықты ол қуанышпен қабылдап, дәрігерлік тексерулерден өткен. Алғашқы ультрадыбыстық зерттеу кезінде дәрігерлер оның құрсағында егіз сәби бар екенін айтқан, Алайда кейінгі тексерулер барысында егіздердің бірінің жүрек соғысы тоқтағаны анықталған. Дәрігерлер екінші баланың дамуы қалыпты екенін айтып, жағдайдың асқыну қаупі жоқ екенін жеткізген. Жүктілік кезеңі жалпы жеңіл өткенін айтқан Ерке Есмахан тоғыз айдан кейін ұлы Батырдың аман-есен дүниеге келгенін хабарлады. Оның айтуынша, сәби 3 келі 800 грамм салмақпен туған.

Бүгінде Батыр 1 жасқа толып, еңбектеп, күліп, отбасының қуанышына айналып отырғаны айтылды.