logo
search
menu
Apple қолданушыларына жаман жаңалық: құрылғалар 300 долларға дейін қымбаттады
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Apple қолданушыларына жаман жаңалық: құрылғалар 300 долларға дейін қымбаттады

Apple компаниясы MacBook, iPad және өзге де бірнеше құрылғысының бағасын бірден көтерді. Бұл туралы хабарлайды taulik.kz, tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасай отырып. 

Компания өкілдерінің айтуынша, бағаның өсуіне жады чиптері мен сақтау құрылғылары бағасының күрт қымбаттауы себеп болған. Әзірге бұл өзгерістер Apple-дың негізгі өнімі саналатын iPhone смартфондарына әсер еткен жоқ.

Жаңа бағаға сәйкес, ең қолжетімді MacBook Neo моделі енді 599 доллардың орнына 699 доллар тұрады. Ал 512 гигабайт жадысы бар MacBook Air бағасы 1099 доллардан 1299 долларға дейін өскен.

Сонымен қатар 1 терабайт жадысы бар MacBook Pro моделі 1699 доллардан 1999 долларға дейін қымбаттады.

Баға өсімі планшеттерге де әсер еткен. Мәселен, 128 гигабайттық iPad Air бұрын 599 доллар болса, енді оның бағасы 749 долларға жеткен. Бұдан бөлек Apple TV мен HomePod құрылғылары да қымбаттаған.

Сарапшылардың пікірінше, бұған жасанды интеллект индустриясындағы сұраныстың артуы себеп. Қазір ірі технологиялық компаниялар дата-орталықтарға арналған чиптерді көптеп сатып алып жатыр.

Мамандар алдағы уақытта Apple-дың жаңа смартфондары таныстырылған кезде iPhone бағасы да көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.