«Назарбаев университетінің атауы өзгереді»
«Бұл — фейк. Ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомстводан. «Хабарламада «әлеуметтік ғылымдар деканы Шломо Рабби» туралы да айтылған. Шын мәнінде университетте мұндай қызметкер жоқ. Назарбаев университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебін ғылым докторы Гонсало Хортелано басқарады. 2023 жылы «Орталық Азиядағы алғашқы гендерлік зерттеулер зертханасының» ашылғаны туралы да ресми ақпарат болған жоқ», — делінген сайт материалында.