Қазақстандағы автокөлік саны 6 миллионнан асты
2026 жылдың маусым айында Қазақстанда 167 878 автокөлік мемлекеттік есепке тіркелді. Бұл көрсеткіш мамыр айымен салыстырғанда 13,7%-ға жоғары. Мамырда ел бойынша 147 668 көлік тіркелген болатын. Маусым айында есепке қойылған көліктердің басым бөлігін жеңіл автомобильдер құрады. Олардың үлесі 87,4%болса, жүк көліктері - 5,7%, тіркемелер - 2,4%, мотоциклдер - 1%, автобустар - 0,9%, ал өзге көлік түрлері 2,6% болды, деп хабарлайды Taulik.kz, stat.gov.kz-ке сілтеме қалдыра отырып.
Қозғалтқыш көлемі бойынша тіркелген көліктердің 34,5%-ының қозғалтқышы 1500–2000 текше сантиметраралығында.
Жанармай түріне қарай тіркелген көліктердің құрылымы төмендегідей:
бензинмен жүретін - 136 232 көлік (жалпы көлемнің 81,1%-ы);
дизель отынымен жүретін - 10 845 көлік (6,5%);
газбен жүретін - 895 көлік (0,5%);
аралас отын түрін пайдаланатын - 11 183 көлік (6,7%);
электр қуатымен жүретін - 2 872 көлік (1,7%);
отын түрі көрсетілмеген - 5 851 көлік.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің жалпы саны 6 млн 25,9 мыңғажетті.
Тіркелген автопарктің құрылымында:
жеңіл автомобильдер - 5 млн 53,7 мың (83,9%);
жүк көліктері - 493,7 мың (8,2%);
автобустар - 89,5 мың (1,5%);
мотоциклдер - 74,2 мың (1,2%);
тіркемелер - 262,3 мың (4,4%);
өзге көлік құралдары - 52,6 мың (0,9%).
Ең көп автокөлік Алматы қаласында тіркелген - 733,3 мың. Екінші орында Алматы облысы тұр, мұнда 646,3 мың көлік есепке алынған.
Мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері негізінде ұсынылды.