Әлеуметтік желілерде мешітте билеп жүрген қыздың видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Желі қолданушыларының пікірінше, бұл – «орталық мешітте» болған оқиға.
Видео кадрында жеңіл көйлектегі қыз билеп тұр. Оның жанына арнайы жилеттегі адамдар келеді. Алайда бұдан кейін не болғаны белгісіз. Оқиға куәгерлері қыздың тек билемегенін, оған қоса ән салғанын айтып отыр.
Жазба астындағы пікірлер екіге бөлінді. Бірі – қыздың мешіттегі бұл қылығын дұрыс емес десе, енді бірі – оқиғаның мән-жайын білместен қызды кінәлау қате екенін айтты.
Арнайы органдар оқиғаға байланысты әлі ресми пікір берген жоқ.
Видеоны осы
сілтеме арқылы көре аласыз.