logo
search
menu
«Тағы да рақмет, Қазақстан!»: Энрике Иглесиас қазақстандық жанкүйерлеріне үн қатты
Фото: Chat GPT арқылы жасалды

«Тағы да рақмет, Қазақстан!»: Энрике Иглесиас қазақстандық жанкүйерлеріне үн қатты

Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиас Астана мен Алматыда өткенконцерттерінен кейін қазақстандық көрермендерге алғыс айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Тағы да рақмет, Қазақстан, ұмытылмас екі кеш үшін!», – деп жазды әншіInstagram парақшасында.

Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте Астанада, ал 5 қыркүйекте Алматыда өнеркөрсетті.

Соңғы жылдары Қазақстан ірі халықаралық концерттер өтетін алаңдардыңбіріне айналып келеді. 2025 жылы Алматыда шетелдік орындаушылардың 49 концерті өткен.

Mastercard деректеріне сәйкес, Дженнифер Лопестің концерті кезіндешетелдік карталар арқылы жасалған шығындар 11%-ға, ал «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы кезінде 16%-ға артқан. Шетелдік қонақтардың орташашығыны 1,5 мың долларды құраған.

2026 жылы Қазақстанда Deep Purple, Megadeth, Рики Мартин және Энрике Иглесиас сынды әлемдік әртістер өнер көрсетті. Сондай-ақ Cirque du Soleilқойылымдары мен Park Live фестивалі өтті.

Мұндай ауқымды шаралар қонақүйлер мен мейрамханаларға, көлік жәнебасқа да қызмет түрлеріне сұранысты арттырып, шетелдік туристерді тартуғаықпал етеді. Осылайша, халықаралық концерттер Қазақстандағы оқиғалықтуризмнің дамуына серпін беріп отыр.