Мәзір
22 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Жамбыл облысында тағы бір сарбаздың денесі табылды

Жамбыл облысында тағы бір сарбаздың денесі табылды

Жамбыл облысында тағы бір сарбаздың денесі табылды Жамбыл облысында тағы бір сарбаздың денесі табылды
ашық дереккөзі
19 тамызда Жамбыл облысында тағы бір жауынгердің денесі табылды. Бұл туралы белсенді Бибігүл Рамазан Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Биыл көктемде әскерге шақырылған 18 жастағы Бекбол Мираш Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында туып өскен. Бибігүл Рамазан 19 тамыз күні сағат 21:40-та сарбаздарды сапқа тұрғызу үшін жинағаны, Бекбол Мираштың келмегені айтылған құжатты жариялады. Сонымен қатар Бекбол Мирашты іздеуге қатардағы жауынгер жіберілген, ол он минуттан кейін жігітті «асылған күйі» тапқан. Марқұмның туыстары Бекбол Мираштың мерт болғанын растап отыр. «Ақ Жайықтың» жазуынша, туыстары Бекбол Мираштың суицид жасағанына сенбейді.
«Ол отбасындағы тұңғыш бала. Ата-анасының үміті мен тірегі еді. Қарындасы мен інісі бар. Менің – шәкіртім. Оны адал және мейірімді адам ретінде білемін. Біз оны ешқашан қайғылы, жабырқаулы күйде көрмеппіз», - деді оның мұғалімі Айдана.

Апта талқысында: