ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті көз жұмды
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болды. Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растап, оқиғаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Arasha.kz-ке сілтеме жасап
Полицияның хабарлауынша, қазір студенттің өліміне байланысты барлық мән-жай анықталып жатыр.
“Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді”, – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Ulysmedia.kz өз дереккөзіне сүйеніп, қайғылы жағдайдың 6 қараша күні кешке ҚазҰУ студенттер қалашығында болғанын жазған. Басылым мәліметінше, марқұм Алматыға Шымкенттен оқуға келген болуы мүмкін.