logo
search
menu
Елена Рыбакина баспасөз мәслихатын кейінге шегерді: теннисшінің денсаулығына қатысты алаңдаушылық бар

Елена Рыбакина баспасөз мәслихатын кейінге шегерді: теннисшінің денсаулығына қатысты алаңдаушылық бар

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзін жайсыз сезінуіне байланысты Индиан-Уэллсте WTA қорытынды турнирі қарсаңында өтуі тиіс баспасөз мәслихатын кейінге қалдырды,деп жазды Sports.kz  хабарлайды Taulik.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап

Қазақстандық спортшының денсаулығына қатысты жағдайға Yahoo Sports басылымы да назар аударған. Мақала авторының пікірінше, Рыбакинаның физикалық жағдайы жанкүйерлерді алаңдатып отыр, деп хабарлайды kznews.kz

Басылымның жазуынша, теннисші соңғы уақытта аллергиядан, аяқ басындағы жарақаттың салдарынан туындаған қиындықтардан және өткен аптада Жапониядағы турнир кезінде мойнын жарақаттап алуынан зардап шеккен.

— Жанкүйерлер Рыбакинаның WTA қорытынды турниріне қатыса алмай қалуы мүмкін деп алаңдайды. Былтырғы турнирдің қазіргі чемпионы жексенбі күні Уимблдон жеңімпазы Линда Носковамен кездесуі керек. Егер Рыбакина кортқа шыға алмаса, оның орнына украиналық Марта Костюк қатысады. Костюк те жыл бойы түрлі жарақаттармен күрескенімен, мансабындағы ең үздік нәтижелеріне қол жеткізді, — деп жазды Yahoo Sports.

Айта кетейік, Елена Рыбакинаның Линда Носковаға қарсы алғашқы кездесуі 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні өтеді деп жоспарланған.

Бұған дейін WTA қорытынды турнирінде Елена Рыбакинамен бір топта өнер көрсететін қарсыластары анықталған болатын