Заң бұзылды: Қазақстан бойынша әйелдер қозғалысы өтпек

Заң бұзылды: Қазақстан бойынша әйелдер қозғалысы өтпек

ашық дереккөзі

Зейнет жасын 58-ге түсіру жөніндегі Қазақстан әйелдері қозғалысының жетекшісі Майкен Бегарыстанова алдағы сенбіде бүкіл ел аумағында митингке шығатындарын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz “Halyq uni” сайтына сілтеме жасап.  Митингте екі мәселе көтерілмек. Біріншіден, қозғалыс жетекшісінің сөзінше, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова белсенді әйелдермен кездесіп, ендігі жылдан бастап зейнетақы мөлшерін қаншаға көбейтуге болатыны туралы есеп-қисаппен таныстыруы тиіс болған. Бірақ, әлі күнге министрден хабар болмаған. «Біз сендерге зейнетақыны көбейтіп береміз. Бірақ зейнет жасын түсірмейміз» деуі мүмкін. Біз ондайға келіспейміз. Біздің талап – зейнет жасын 58 жасқа түсіру, дейді қозғалыс жетекшісі Майкен Бегарыстанова. Сондықтан алдағы сенбіде бүкіл ел аумағында қозғалыс өкілдері жаппай митингке шығатындарып айтып отыр. Екінші мәселе, Конституцияның екі бабы: 14, 39-баптары бұзылып отырғанын айтады. Оның ішінде, 14-баптың екінші тармағында «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтыны» жазылған. Конституцияның 39-бабында «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін» делінген. Белсенділер, министрлік зейнетақы жасын көтере отырып осы бапта айтылған адамның құқықтары мен бостандығына да нұқсан келтіріп отырғанын алға тартады. Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, наразылық шеруіне ресми рұқсат бермеген 4 облыс орталығы: Өскемен, Қызылорда, Орал және Петропавл ғана қалған. Өзге өңірлердің барлығы митинг өткізуге рұқсат берген.

Taulik.kz

Loading...