Жаңа туған сәбиін сатпақ болған деген күдікпен жеті адам қамауға алынды, деп хабарлайды Taulik.kz Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Туылғанына алты күн болған қызын 24 жастағы келіншек пен онымен бірге тұратын 21 жастағы адам сатпақ болған. Жұптың құрсақтағы баласын сатып алушыларды екі ай бұрын іздей бастағандығы анықталды. Баланы Алматы қаласының тұрғындары алғысы келді – 48 жастағы У.есімді азамат және 46 жастағы Е.есімді азаматша. Тараптар 2 миллион теңгеге келіскен. Мәміле өткен демалысқа жасалды. Алайда Криминалдық полиция және Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармалары қызметкерлерінің қаланың әр жерінде бір уақытта жүргізген арнайы іс-шарасы күдіктілердің жоспарын бұзды. Алғашқылардың қатарында қыздың биологиялық ата-анасы ұсталды. Одан кейін – әлеуетті сатып алушылар және ерлі-зайыпты делдалдар. Келесі қадам ақшалай сыйақы үшін баланың құжаттарын рәсімдеу міндетін өз мойнына алған 56 жастағы А.есімді азаматшаны ұстау болды", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
"Өте маңызды жайт: кездесу кезінде делдалдардың қолында тағы екі сәби, болжам бойынша үш және және айлық балалар болған. Ер адам бұлар өздерінің балалары екенін айта бастады. Алайда олар балалардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсете алмады. Осылайша, осы арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктілерден үш сәби алынды. Олар медициналық мекемеге тексерілу және қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жеткізілді. Күдіктілер бұл балаларды “тірі” тауар ретінде пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу міндетті түрде шындықты анықтайтын болады", – деді Аханов.
Taulik.kz