Польша Украинаға 5000 Starlink терминалын берді

Польша Украинаға 5000 Starlink терминалын берді

ашық дереккөзі

Польша Украинаға 5000 Starlink терминалын берді, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Қазір олар таратылып жатыр. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, олардың бір бөлігі медицина және энергетика саласына жіберіледі.

Айтпақшы, бүгінде Украинада осындай 18 мыңға жуық терминал жұмыс істейді.

Соғыстың алғашқы күндерінде Цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров Украинаға Starlink беруді сұрап, Илон Маскқа жүгінген еді.Кәсіпкер келісіп, 28 ақпанда 500 станциядан бірінші партияны жіберген болатын.

Taulik.kz

Loading...