Украинадағы соғыс әлі қанша уақытқа созылады: экстрасенс болжамы

Украинадағы соғыс әлі қанша уақытқа созылады: экстрасенс болжамы

ашық дереккөзі

Экстрасенс Роман Шептицкий Украинаның болашағына болжам жасады және елдегі соғыстың қанша уақытқа созылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты УНИАН басылымына сілтеме жасап.

«Украинада үш жылдан сегіз жылға дейін тыныштық болмауы мүмкін. Бірақ бұл осы уақыт ішінде тек ұрыс болады деген мағынаны білдірмейді. Бізге күллі әлемнің көмегі қажет. Сонда тәуелсіздігімізді сақтап қалуға мүмкіндік болады. Украина жеңіске жетеді. Бұл қазірдің өзінде дәлелденді», - деді Шептицкий.
Ол соғыс 2023 жылы Донбаста да жалғасуы мүмкін екенін айтып өтті. Жалпы соғыс ауыр қақтығысқа айналуы мүмкін.
«Украинаның оңтүстігін азат ету мәселесі шешілген кезде зымыран шабуылдарының қаупі де азаяды. Сонда Беларусь тарапынан шабуыл жасау ықтималдығы аз болады», - деп қосты сарапшы.

Loading...