Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жексіз әлем чемпионы белбеуіне ие болуы мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жексіз әлем чемпионы белбеуіне ие болуы мүмкін

ашық дереккөзі

Отандық Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жексіз толыққанды әлем чемпионы болуы мүмкін, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Boxingscene сайты орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде қазақстандықпен кездесуден бас тартып, келесі дивизионға өту туралы шешім қабылдағаннан кейін осындай қорытындыға келді. Ақпарат бойынша, Андраде орта салмақтағы титулдан бас тартып, екінші орта дивизионға көтерілмек. Америкалықтың мұндай қадамға баруының себебі - Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шыққысы келмейтіндігі мен орта салмақта карьерасының болашағы бұлыңғыр болуы.

Loading...