Қазақстандықтар ақша жинап, жол апатына түскен қарияға көлік сыйлады (видео)

Қазақстандықтар ақша жинап, жол апатына түскен қарияға көлік сыйлады (видео)

ашық дереккөзі

Павлодарда болған жол апатының видеосын көргеннен кейін қазақстандықтар зейнеткерге автокөлік сатып алуға ақша жинай бастады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты NewTimes.kz-ке сілтеме жасап. Блогер Берік Динараның айтуынша, олар үш сағатта 1,8 млн теңге жинаған.

«Сіздерден ақша жинаймыз ба, әлде қажет емес пе деп кеңес сұраған кезде әрі кетсе 200-300 мың жинайтын шығармыз деп ойладым. Бірақ 3 сағатта 1,8 миллион жиналды. Мен жариялаған жазбаға бей-жай қарамаған, ақша аударған және жазбаны бөліскен әрбіріңізге алғыс айтамын. Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын», — деп жазды блогер.
Inbusiness.kz сайты Семей қаласының тұрғыны зейнеткерге жаңа «запорожец» сыйға тарту туралы шешім қабылдағанын жазды. Олардың айтуынша, машинаны Павлодар қаласына жеткізу ғана қалған. Айта кетейік, бұған дейін қарт адамның жол апатына түскен видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Loading...