АҚШ Мемлекеттік департаменті соғыстың күшеюіне байланысты америкалықтарды Украинадан шұғыл түрде кетуге шақырды.
Бұл туралы Киевтегі Америка елшілігінің сайтында жарияланған.
«Мемлекеттік департаментте Ресейдің жақын күндері Украинадағы азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға соққы беру әрекеттерін күшейтетіні туралы ақпарат бар», - делінген хабарламада.
Елшілік оқ астында қалу қаупі бар екенін де жасырмады.
Дипломатиялық миссия Украинадағы қауіпсіздік жағдайы өте тұрақсыз екенін, одан әрі нашарлауы мүмкін екенін айтты.
Taulik.kz