Сүйінші: Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды

Сүйінші: Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды

ашық дереккөзі

Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі өз Facebook парақшасында маңызды сүйінші хабармен бөлісті, деп хабарлайды Taulik.kz.

Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылған. 

 width=  width=

«СҮЙІНШІ!
Ханғай жотасында, Өтүкен аймағында керемет жаңалық ашылды.
Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды. Салтанатты кешенде табылған бітіктаста тарихымызға бетбұрыс жасайтын түрік және соғды жазуымен мәтіндер бар!
Қалған жаңалықты ертең Ұланбатырдағы Баспасөз орталығында өтетін жиында жариялаймыз!
Баршаға құтты болсын!», – делінген жазбада.

Loading...