Ақмола облысының тұрғыны бір баласына 65 миллион теңге алимент төлеуге міндеттеліпті, деп хабарлайды Taulik.kz.
КТК телеарнасымен байланысып, өз мәселесін ел бойынша көтерткен.
«Ол несие қайтарылатын ақша. Тапқан пайдамыздан банкке міндетті түрде несиені қайтаруымыз керек. Осындай соманы төлеу мүмкін емес. Бұл бір баланың басына деп сот шешіп отыр. Мұндай ақша менде болған да емес, қолыма ұстаған ақша емес. Мен әлі түсіне алмай отырмын. Бұдан басқа да балаларым бар, кәмелетке толмаған», - дейді Щучье қаласының тұрғыны Біләл Сәкенов.Аяқ астынан миллиондап қарызға батқан Біләл Сәкенов әкелік парызымды өтеп келемін деп отыр. 11 жастағы ұлына ол курортты аймақтан екі бөлмелі пәтер сыйға тартқан. Ай сайынғы алиментті анасының қолына ұстататын көрінеді. Бөлек тұрғаны болмаса, ұлым үнемі қасымда», - дейді естелік суреттерін көрсетіп. Сауда-саттықпен айналысатын кәсіпкер қомақты несие алысымен, осы сергелдең басталғанын айтады. Төрт жылда бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Бірақ Әділет департаментіндегілер оның кірісі салық органдарынан алынған деп отыр.
«Сәкеновтен алимент өндіру ісі бойынша сот орындаушысы оның барлық кірісін анықтауға тиіс. Ақмола облысы мамандандырылған ауданара сотында қаралып, шешім шықты. Заң бойынша Сәкенов табысының төрттен бір бөлігін алиментке беру керек. Ол кәсіпкер болғандықтан, салық органдары сотқа кіріс туралы тиісті ақпаратты берген», - деді Ақмола облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Медет Едірісов.
Taulik.kz