"Қазір бізде ғылыми кадрлар жетіспейді. Тәуелсіздіктің басында 52 мыңға жуық ғалым болса, 35 мың ғылыми қызметкерден айырылдық. Қазір ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер базасында 22 мың ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Біздің ендігі міндетіміз - жастарды ғылымға тарту", - деді министр.
"Біз ғылымға ақша жұмсаймыз. Ұлттық кеңестер арқылы гранттар ұйымдастырамыз. Бірақ негізгі сұрақ: осы ғылыми гранттардың барлығының нәтижесі қандай? Бұл жердегі негізгі реформа бұл - біздің ғылымның барынша қолданбалы сипаты. Кез-келген ғылыми зерттеу нақты мәселені шешуі керек", - деп түсіндірді ол.
Taulik.kz