Зеленский Ресей әскерін елден кетіруге сөз берді
«Ақыры біріктік. Ақпанның 24-де халқымыз қайта дүниеге келді. Ол жыламады, үрейленбеді, қашпады, берілмеді, ұмытпады. Біз үшін Украина - тұтас. Барлық 25 облыстың ешқайсысы берілмейді. Бұл мәселеде ымыра жоқ. Біз ондай сөзді білмейміз де. Донбасс - Украина. Алдағы жол қанша қиын болса да, біз оны қайтарамыз. Қырым да - Украина. Оны да қайтарамыз!» - деді ол.