Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
25 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Петиция жазыңыздар, кетемін»: Талдықорған әкімі мен ауған ардагері арасында дау шықты (видео)

«Петиция жазыңыздар, кетемін»: Талдықорған әкімі мен ауған ардагері арасында дау шықты (видео)

«Петиция жазыңыздар, кетемін»: Талдықорған әкімі мен ауған ардагері арасында дау шықты (видео)
ашық дереккөзі
24 тамызда Талдықорған әкімдігінде қала басшысы Әсет Масабаев пен ауған соғысы ардагерлері арасында дау шықты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Әкім 10-нан аса интернационалист-жауынгерді қабылдаған. Пікірталастың басты тақырыбы - қала аумағында ардагерлерге тұрғын үй және жер телімдерін беру мәселеcі. Олар әскери қызметтері үшін баспана беруді талап етіп отыр. Талдықорған әкімінің сөзінше, қала тұрғындары пәтерлер мен жер телімдерін кезек арқылы ала алады және олардың заң бұзуға құқығы жоқ. Алайда ардагерлер Масабаевтың жауабына қанағаттанбаған.
«Кезек тек артқа қарай жылжып жатыр. Осы жылдар бойы шыдап, күтіп отырмыз. Қанша адам заңсыз алды, ал біз әлі де жалдамалы пәтерлерде тұруға мәжбүрміз», - дейді ардагерлер.
Талдықорған әкімі интернационалист жауынгерлерге оның отставкаға кетуін талап ететін петиция жинауды ұсынды.
«Менің жұмысыма қанағаттанбасаңыздар, «Масабаев кетсін» деп петиция жазыңыздар, кетемін», - деп жауап берді ардагерлерге қала әкімі.
Талдықорған әкімдігінде тұрғын үй Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес кезек бойынша берілетіні түсіндірілген. Бұл орайда ардагерлерге ерекше жағдай қарастырылмаған.
«Қала әкімі Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысқан азаматтар ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал тобына жататынын және пәтерлер заңнамаға сәйкес кезекпен берілетінін түсіндірді. Барлық азаматтың құқықтары тең және жауапқа қанағаттанбаған жағдайда ардагерлер сотқа жүгіне алады», - деді қала әкімінің баспасөз қызметі өкілі.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.